Binomo платформасында сауда жасау жолы қандай және табыс табу мүмкін бе?

This post is also available in: Tiếng Việt English हिन्दी Indonesia Ukrainian Português Español

Интернетте табыс табу — қазіргі таңдағы кеңінен таралған тақырып. Біреулер әдеттегі жұмыстарын қашықтан жұмысқа көшірсе, басқалары жаңа бағыттарды үйреніп жатыр немесе трейдинг алаңларына келіп жатыр. Қазақстандағы пайдаланушылар саудаға арналған платформалардың ішінде Биномо платформасын айрықша бөледі. Бұл мақалада Биномо платформасында табыс табу қаншалықты мүмкін және жеңіл екенін баяндаймыз.

Биномо платформасында табыс табу мүмкін бе?

биномо как заработать
Биномо платформасында сауда жасау туралы көптеген трейдерлер сөз қозғап жатыр және олардың жартысы ұнамсыз пікірлер қалдыруда. Келеңсіздікті көбінесе алаң ережелерімен таныспаған, сауда жасау әдісін үйренбеген немесе ойланбастан мәміле жасаған пайдаланушылар әкеліп жатыр. Бұл трейдинг әлеміндегі жаңа бастаған трейдерлердің көбісі Биномо платформасында дұрыс ойнап, ұтысқа ие болуды білгісі келетіндіктен. Трейдингтің ойын емес екенін түсінгеніміз жөн. Бұл жерде жеткілікті білім мен тәжірибе қажет. Сондықтан да Биномо платформасында ойнау мүмкін емес.

Binomo платформасы өз білімін жетілдіру және сауда стратегияларын игеру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • үйретуші материалдар;
  • демо-шот;
  • 24/7 жұмыс істейтін қолдау қызметі.

Сондай-ақ инвестициялауды бастамас бұрын трейдинг аланының не екенін білуіміз қажет. https://binomo.com/ ресми веб-сайтында қашықтан табыс табу үшін барлық жағдайлар жасалған:

  • интуитивтік деңгейде түсінікті интерфейс;
  • өзекті аналитикалық ақпарлар;
  • Биномо сарапшыларының бейне-сабақтарымен қоса, тегін үйрету;
  • минималды депозит шегі (10$-дан);
  • турнирлерге қатысу мүмкіндігі және т.б.

Маңызды! Платформада мәмілелерді автоматты түрде ашу үшін виртуалды кеңесші жоқ. Сондай-ақ Биномо Телеграм арналары сияқты кез келген онлайн көздерден алынған дайын дабылдарды мақұлдамайды.

Binomo платформасында салымсыз табыс табуға бола ма?

как заработать на binomo
Binomo — дұрыс болжам жасап депозитті арттыруға болатын трейдинг алаңы. Егер Биномо платформасында салымсыз табыс табуды ойласаңыз, бұл мүмкін емес. Алайда Binomo платформасында шоттың минималды депозитіне қойылатын талаптар өте төмен: Қазақстандағы пайдаланушылар 10$-дан бастап салым сала алады.

Биномо платформасында қалай сауда жасауға және табыс табуға болады?

Интернетте Биномо платформасында табыс табу және оның мүмкін не мүмкін емес екені көп талқылануда, бірақ жаңа бастаған трейдерлер үшін бұл процесс түсініксіз болуы мүмкін. Оны қадамдарға бөліп қарастырайық:

  • Биномо платформасында тегін үйретуден өтіңіз;
  • демо-шотыңызға 10,000$ қаражат алыңыз;
  • тәуекелсіз мәміле жасауды үйреніңіз (демо-шоттан қаражаттарды шығарып алу мүмкін емес екенін ұмытпаңыз);
  • платформада шынайы тіркелгіні тіркеңіз;
  • алғашқы депозитіңізді салыңыз.

Табыс табудың ең танымал әдістері туралы әрі қарай баяндаймыз.

Binomo платформасындағы турнирлер

turniry-binomo

Турнирлерге қатысу — Биномо платформасындағы қосымша табысты ұлғайтудың қызықты әдісі. Басқа трейдерлермен жарыса отырып, өзіңіздің дағдыларыңызды тексере аласыз.

Турнирдің екі түрі бар:

  1. тегін;
  2. ақылы.

“Daily Free” күнделікті тегін турнирінің қатысушылары бұның Binomo платформасында стратегияларды игеру және үйренуді бекітудің керемет жолы екенін атап өтті. Ал ақылы турнирлер көбінесе тәжірибелі трейдерлерге арналған, себебі олар қатысу үшін шынайы тіркелгіден алынатын ақыны талап етеді.

Binomo бонустары

Сауда потенциалын арттырудың басты әдісі — депозитке берілетін бонустар. Сыйлық мөлшері тіркелгі түріне байланысты. Осылайша VIP-шот иелері әр толтыру үшін 200%-ға дейін бонус алады.

Маңызды! Биномо Клиенттік келісім талаптарына сәйкес бонустарды платформадан тек міндетті сауда айналымы аяқталғаннан кейін шығарып алуға болады.

Binomo платформасындағы стратегиялар мен көрсеткіштер

Әрбір пайдаланушы ұтыс кепілдігін беретін мінсіз стратегия ойлап табуды армандайды. Өкінішке орай, бұл мүмкін емес. Нарық әрдайым қозғалыста және сіз Биномо платформасында сауда жасау жолын түсіну және нақты болжам жасауды үйрену үшін әрқашан оқуыңыз қажет. Алайда жаңа бастаған трейдерлер негізінде өз стратегиясын ойлап таба алатын қарапайым стратегияларды үйрене алады.

Жаңа бастаған трейдерлерге арналған стратегиялар

zarabotok-na-binomo

Жаңа бастаған трейдерлерді қолдау және оларға онлайн-трейдинг әлеміне қосылуда көмектесу үшін, Биномо компаниясы ең қарапайым және тиімді стратегиялармен танысуды ұсынады.

“Із кесуші”

Түнгі уақытта саудаласу саны аз — бұл жаңа бастаған трейдерлерге нарыққа үйрену үшін өте оңды уақыт. “Із кесуші” флэттік стратегиясы келесі орнатуларды көздейді:

  • Bollinger Bands көрсеткіші — әдепкі бойынша;
  • Келесі баптаулары бар RSI: мерзім — 9, қайта сатып алу деңгейі — 70, қайта сату деңгейі — 30;
  • Келесі баптаулары бар Moving Average көрсеткіші: мерзім — 2, түрі — Simple, түсі — қызыл.

Үлгіні дайындап болғаннан кейін трейдингіге көшеміз. Баға арналарының ішінде сауда жасаған жөн, яғни, баға белгілеулері жоғары немесе төмен шекараға жеткен кезде. Дәл осы уақытта баға белгілеулерінің баға арнасының ішіне жылжуына мәміле жасаған дұрыс.

“Түнгі арна”

Жаңа бастаған трейдерлерге нарыққа сағат 19:00-де шығып, таңғы 09:00-ге дейін сауда жасауға кеңес беріледі. Бұл уақытта Binomo платформасында табыс табу оңайырақ, себебі түнгі нарық кішігірім амплитудамен шеткі трендте жылжиды.

Актив баға белгілеулері баға арнасының жоғарғы шекарасына жақындаған кезде “Төмен” мәмілесін, ал төменгі шекараға жақындаған кезде — “Жоғары” мәмілесін жасаймыз. Баға белгілеулері арна сыртына шыққан жағдайда ең тиімдісі “орталану”: қарама-қарсы шекараға мәмілелер қосу.

Жаңалықтар саудасы

Биномо платформасында қаржылық нарықтар үшін маңызды барлық оқиғалар жарияланатын экономикалық күнтізбе берілген. Жаңалықтар уақытын біле отырып, Биномо трейдері сол жаңалықтар әсер ететін активтермен сауда жасауға дайындала алады. “Алдыңғы”, “Болжау”, “Нақты” қойындылары жаңалықты талдауда бағдарлау үшін көмектеседі.

Тәжірибелі трейдерлерге арналған стратегиялар

Енді тәжірибелі трейдерлер пайдалана алатын сауда әдістерін қарастырайық.

Нарықтың RSI-мен қосылуы/алшақтауы

Қатысты күш индексі (RSI) тренд күші мен оның ауысу мүмкіндігін көрсетеді. Көрсеткіні келесі көрсеткіштерді жаза отырып, нарықтың кез келген жағдайында пайдалануға болады:

  • мерзім — 8;
  • қайта сатып алу — 70;
  • қайта сату — 30.

Осындай баптаулармен “Жоғары” мәмілелерін RSI көрсеткіші 30 деңгейнен төмен түсіп, ол жерде 2 минимум (екіншісі біріншісінен жоғары болуы тиіс) құрған кезде жасаймыз. “Төмен” мәмілелерін RSI көрсеткіші 70 деңгейнен жоғары көтеріліп, ол жерде 2 максимум (екіншісі біріншісінен төмен болуы тиіс) құрған кезде жасаймыз.

Берілген стратегияда мәмілелерді тек “Сәуле” құралын пайдаланғаннан кейін ашуға болатынын ескертіп өтуіміз маңызды. Егер құрғаннан кейін екі сәуле де төмен немесе жоғары бағытталған болса, мәміле жасамаймыз.

“Пуриа әдісі”

Стратегия принципі трендті ұстану болып табылады. Оны Moving Average көрсеткіші анықтауға көмектеседі, ал өсу немесе төмендеу толқынының басталуын MACD сызығы ұстап алады.

MACD баптауларын қоямыз:

  • жылдам мерзім — 15;
  • баяу мерзім — 26;
  • дабыл мерзімі — 1.

Сондай-ақ Moving Average үшін:

  • Бірінші көрсеткіш: мерзім — 75, түрі — Weighted, түсі — қызыл.
  • Екінші көрсеткіш: мерзім — 85, түрі — Weighted, түсі — күлгін.

Берілген стратегия бойынша “Төменгі” мәмілелерін келесі жағдайларда жасаймыз:

  1. MACD сызығы нөлдік деңгейді төмен қарай кесіп өтті.
  2. Баға Moving Average деңгейін жоғарыдан төмен қарай кесіп өтті.
  3. Moving Average төменгі бағытта айқасты және баға белгілеулердің үстінде орналасқан.

“Жоғары” мәмілелерін келесі жағдайларда жасаймыз:

  1. MACD сызығы нөлдік деңгейді жоғарыға қарай кесіп өтті.
  2. Баға Moving Average деңгейін төменнен жоғары қарай кесіп өтті.
  3. Moving Average жоғарғы бағытта айқасты және баға белгілеулердің астында орналасқан.

Маңызды! Нарық құбылмалы, сондықтан да жоғарыда аталған дабылдардың тіпті барлығы мәміленің 100% сәтті болуына кепілдік бере алмайды.

“Боллинджер ойығы”

Бұл стратегияда әртүрлі деңгейдегі трейдерлер арасында өте танымал “Боллинджер толқыны” көрсеткіші пайдаланылады.

“Толқындар” тарылғаннан кейін шоғырландыру басталған кезде, көлденең баға арнасының сынауын күтіп, бағаның жаңа бағытында (көбінесе ол жақын арада сол бағытқа қарай жылжиды) мәміле жасау қажет. Мәміле уақытын таңдалған уақыт шкаласына сәйкес таңдау қажет.

Rating
Add a comment